Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді23-24 наурыз күндері Словакияның Шаморин қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы аяқталып, жас спортшылар 12 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маусымның алғашқы жарысында қазақстандық дзюдошылар 3 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 21 ел ішінде жалпыкомандалық есепте 2-ші орыннан көрінді.
Ғабит Расулхан (50 кг), Батырғали Ернұр (55 кг), Нысанбай Дінмұхаммед (+90 кг) алтын, Ерұланұлы Санжар(-90 кг), Рахматулла Мансур (+90 кг), Швайгерт Злата (40 кг), Ямашева Алина (48 кг) күміспен күптелсе, Елемес Арсен (50 кг), Жолдасбек Мағжан (50 кг), Досберген Нұрдос (55 кг), Наукенова Айзат (44 кг), Абдукадырова Севинч (40 кг) қолаға қол жеткізді.
Бұған дейін Тбилисиде аяқталған Гранд Слэм турнирінде Қазақстан дзюдошылары 1 алтын, 1 қола жүлде иеленген еді. Оның ішінде Нұрқанат Серікбаев чемпион атанса, әйелдер арасында Ғалия Тынбаева үшінші орынға тұрақтады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады