10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан құрамасының жас дзюдошысы әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Болгарияның София қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық спортшы Әділжан Жаудинов +90 кг салмақ дәрежесінде үшінші орынға тұрақтады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде ол Чехия спортшысы Меличар Скодаға қарсы татамиге шыққан болатын.
Жаудинов белдесуді толық бақылауда ұстап, техникалық әрі тактикалық басымдығын көрсетті. Екі вазари орындап, қарсыласының табанды қарсылығына қарамастан сенімді жеңіске жетті.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 6-орынға табан тіреді. Ұлттық құрама барлығы бес медаль иеленген. Оның ішінде 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде бар.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді