Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБакуде өткен 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы күрестен әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық балуан Бақдәулет Ағабекке туған жерінде ерекше құрмет көрсетілді. Жас спортшыға су жаңа автокөлік пен асыл тұқымды тұлпар тарту етілді.
Әлем чемпионын Шымкент тұрғындары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды. Жеңімпазға көрсетілген құрметтің белгісі ретінде оған көлік кілті мен тұлпар табысталды.
Финалда қарсыласын ірі есеппен жеңді
Бақдәулет Ағабек Әзербайжан астанасы Бакуде өткен 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақ балуаны финалда Үндістан өкілін 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Турнир барысында ол төрт белдесуінің барлығын мерзімінен бұрын аяқтап, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Жалпы есепте 47 ұпай жинап, өзіне небәрі 3 ұпай ғана өткізген.
Қазақстан құрамасының екінші алтыны
Бақдәулет Ағабектің жеңісі – Қазақстан құрамасының Бакудегі әлем чемпионатындағы екінші алтын медалі. Сонымен қатар бұл еркін күрес бойынша ұлттық құраманың осы жарыстағы алғашқы чемпиондық атағы болды. Жас балуанның сенімді жеңісі мен жоғары нәтижесі мамандар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Ал туған жеріндегі құрмет оның жетістігінің ел спорты үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?