19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатының ширек финалында сенімді жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аққалықов ширек финалда Израиль боксшысы Мирослав Капулер-Ищенкомен кездесті. Екінші раундта Сабыржан шабуылын үдете түсіп, қарсыласын техникалық нокаутпен тоқтатты. Осылайша ол кем дегенде қола медальді қоржынға түсірді.
Сабыржан Аққалықов биыл Астанада өткен World Boxing кубогының жеңімпазы атанып, беделді «Странджа» турнирінде алтын медаль иеленді. Сонымен қатар 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында топ жарған.
Еске салайық, IBA әлем чемпионаты 3 желтоқсанда басталды. Биылғы байрақты бәсекеге 118 елден келген боксшылар қатысуда. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 8,32 млн доллар.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары