10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖетісу облысында полиция ер адамның өліміне иттің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Жаркент қаласында болған. Бүгін таңертең шаһардағы көшелердің бірінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Полиция мәліметінше, ер адамды ит талап өлтірген болуы мүмкін.
Жақын маңдағы жер үйде күшіктеген питбуль тұқымды ит анықталып, оның денесінде қан тәрізді қоңыр дақтар болды. Итті уақытша ұйықтатып тастады. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны анықталып жатыр, - делінген мәліметте.
Оқиға орнында аудандық полицияның жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастыруда. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді