Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде шалғайдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін көлік медицинасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі мен Samruk-Kazyna Trust КҚ "Медициналық пойыздар" жобасы шеңберінде жауапкершілікті күшейту және өзара іс-қимылды нығайту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Медициналық пойыз ауыл тұрғындарына медициналық зерттеп-қараулардың, диагностикалық қызметтердің, арнайы мамандардың кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді және емдеуге жатқызуға жолдама ала алады, – деді денсаулық сақтау министрі.
Су тасқынына байланысты зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылады.
Алдын ала биыл профилактикалық қарап-тексерулерді, скринингтік зерттеулерді, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, бейінді мамандардың консультацияларын, зертханалық-диагностикалық қызметтерді, ЭКГ, УДЗ, флюрографияны қоса алғанда, 1 млн медициналық қызмет көрсету жоспарлануда.
Өз бағыты шеңберінде медициналық пойыз 140 станцияға барады, онда 92 мыңнан астам адам зерттеліп-қаралып, емделетін болады, дәрігерлер 100 мыңнан астам қабылдау өткізеді.
Су тасқыны жағдайын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылатын болады.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай