Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖақындарының сөзінен қорқып нашақорлар тәуелділігі туралы айтпайды. Егер, науқасқа дер кезінде көмектессе, қайғылы жағдайдың алдын-алуға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының бастығы Бексұлтанова Анжела айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Одан бөлек, Анжела Бексұлтанова елімізде 18 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді ретінде тіркеуде тұрғанын мәлімдеді.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, күні бүгінге дейінгі аралықтағы статистика бойынша, бүгін Қазақстанда 18 329 адам есірткіге тәуелді ретінде тіркеуде тұр. Оның, 91%-ы ер адам болса, қалған 9%-ы әйелдер. Бірақ, өкініше қарай ресми статистика елдегі есірткіге тәуелділердің нақты санын көрсетпейді. Себебі, олардың нақты санын анықтау қиын процесс, - деді А.Бексұлтанова.
Айта кетейік, 2023 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жағдайында есірткіге тәуелді 3534 науқас емделген.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер