29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТанегашима ғарыш айлағынан H2A зымыран тасығышында ұшырылған алғашқы жапондық SLIM ай модулі белгіленген орбитаға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жапония Аэроғарыш зерттеулер агенттігінің (JAXA) мәліметінше, аппараттың биіктігі – 2,4 метр, салмағы – 200 келі. Оның мақсаты бет-әлпетті тану жүйелерінде қолданылатын технологиялар негізінде Ай кратерлерін және рельефін зерттеу. Сондай-ақ SLIM арнайы камерамен жабдықталған, оның көмегімен Ай бетіндегі темір мен өзге де элементтердің мөлшерін өлшей алады.
Айта кетейік, екі апта бұрын Ай бетіне «Чандраян-3» миссиясы аясында үндістандық аппарат сәтті қонған болатын. Үндістан Жер серігі бетіне ғарыш аппаратын қондырған төртінші ел атанды. Бұған дейін бұл миссия Кеңес Одағы, АҚШ пен Қытайдың қолынан келген еді. Ал ресейлік «Луна-25» станциясы тамыздың соңында Айға қону кезінде қирап қалды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек