20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖапонияда демографиялық дағдарысты еңсеру мақсатында төрт күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл өзгеріс Жапония астанасы Токиода 2025 жылдың сәуірінен басталады.
Жаңа тәртіп бойынша қызметкерлер аптасына үш күн демалуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бастауыш мектептің алғашқы үш сыныбында оқитын балалары бар ата-аналарға жалақысының белгілі бір мөлшерінен бас тарту арқылы жұмыс күнін мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ Жапон үкіметі халық санын көбейту үшін ер адамдарға да әкелік демалыс беру сияқты бірқатар шараны қолға алмақ.
Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр тек 727 277 туылу тіркелді. Ал туу коэффициенті – әйелдің өмір бойы туатын балаларының саны 1, 2-ге дейін төмендеді. Халық саны тұрақты болуы үшін туу коэффициенті 2,1 болуы қажет дейді биліктегілер.
Токио отбасылық саясатты жүзеге асыратын Азиядағы жалғыз қала емес. Сингапур де осы жылы барлық компанияны қызметкерлер үшін икемді жұмыс тәртібін қарастыруға мәжбүрлейтін жаңа нұсқаулар енгізді. Ол төрт күндік жұмыс аптасын немесе икемді жұмыс уақытын қамтуы мүмкін.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?