Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖапонияның Ұлттық метеорологиялық басқармасы Тынық мұхитындағы Идзу архипелагының алыс аралдарына жақындап келе жатқан «Халон» тайфунына байланысты арнайы ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл өңірде бұрын-соңды болмаған қатты жел мен алып толқындар күтілуде, сондықтан барынша сақ болу қажет, - деді басқарма өкілі баспасөз мәслихатында.
Арнайы ескерту – Жапонияда жарияланатын ең жоғары деңгейдегі қауіп ескертуі, ол ірі табиғи апат қаупінің тікелей төніп тұрғанын білдіреді. Синоптиктердің айтуынша, егер тайфун бағытын өзгертсе, ескерту аймағы кеңейтілуі мүмкін.
Алдын ала болжам бойынша, «Халон» тайфуны 8-інен 9 қазанға қараған түні 20 мыңға жуық тұрғыны бар Идзу аралдарына жетеді. Билік жергілікті тұрғындарға жедел түрде эвакуациялық орталықтарға баруға кеңес беріп, лай көшкіні мен су тасқыны қаупі туралы ескертті.
Премьер-министр Сигэру Исибаның кеңсесі жанында табиғи апатқа қарсы жедел әрекет ету және ақпарат жинау мақсатында дағдарыс орталығы құрылды.
Қазір «Халон» тайфуны Жапония жағалауымен шығыс бағытта, сағатына 15 км жылдамдықпен қозғалып келеді. Тайфунның эпицентріндегі желдің екпіні секундына 70 метрге дейін жетеді.
Бүгінгі таңда жараланғандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?