22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстана тұрғындары Жапония астанасы Токиода төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі дода – Сурдлимпиада ойындарында сурдо дзюдодан ел намысын қорғаған елорда спортшыларын әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ән-жырдан шашу шашылып, ақ пен дәмнен ауыз тиген жеңімпаз спортшылар - Әмина Файзулина мен Сабыржан Хапизовты Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левиттің өзі арнайы келіп құттықтады.
«Жарысқа екі шәкіртіміз қатысты. Арамызда қыздар арасынан алғашқы тарихи чемпионымыз бар. 17 жасар қызымыз Амина Файзулина жеке біріншіліктен чемпион болды. Ал команда біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды. Екінші шәкіртіміз Сабыржан Хапизов ауыр салмақта күресті. Ол осымен екінші олимпиадасында қола жүлде алып отыр. Ол команда біріншілігінде алтын жүлдегер атанды. Сонымен Астанаға 2 алтын, 1 күміс, 1 қола сыйлап отырмыз.Токиодада жарыс жоғары деңгейде өтті. 80-дей мемлекет спортшылары дзюдода бақ сынасты. Осы жарыста қазақ спортшылары сенсация тудырды. Діттеген мақсаттарымызды жүзеге асырып келдік», - деді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спортшылардың жеке бапкері Болат Данияров.
Айта кетейік, 15-26 қараша аралығында Жапонияның астанасы – Токиода XXV Сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр. Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода биыл ерекше тарихи мәнге ие — Сурдлимпиадалық қозғалыстың 100 жылдығымен тұспа-тұс келді. Биылғы ойындарда 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплина бойынша бақ сынауда. Астана қаласының атынан ел намысын 4 спорт түрінен (сурдо дзюдо, сурдо үстел теннисі, сурдо таеквондо, сурдо жүзу) 5 спортшы қорғап жатыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев