Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлдағы жылдары Жапония жойқын мегажер сілкінісіне тап болуы ықтимал. Бұл туралы ел үкіметі халыққа арнайы үндеу жасап мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Asahi басылымына сілтеме жасап.
Ең үлкен алаңдаушылық тудырып отырған аймақ — елдің оңтүстік-батыс жағалауындағы теңіз түбіндегі "Нанкай шұңқыры" деп аталатын жарық. Сарапшылардың пікірінше, дәл осы аймақ күшті жер сілкінісін және соған ілесетін цунамиді тудыруы мүмкін.
Үкімет жанындағы комиссияның бағалауынша, алдағы 30 жыл ішінде бұл жарық маңында 8-9 балдық жер сілкінісінің болу ықтималдығы 75%-дан 82%-ға дейін жетеді. Мұндай жағдайда көршілес өңірлер, соның ішінде Осака, Вакаяма, Кумамото және Миядзаки префектуралары зардап шегуі мүмкін. Ал цунами толқындарының биіктігі 20 метрге дейін жетуі ықтимал.
Осыған байланысты Жапония үкіметі төтенше жағдайларға арналған іс-қимыл жоспарын жаңартты. Оған қосымша дамбалар мен қорғаныс нысандарын салу, эвакуацияға арналған арнайы баспаналар тұрғызу шаралары кіреді.
Жапония түрлі деңгейдегі жер сілкіністерімен жиі бетпе-бет келеді. Мәселен, маусым айының өзінде бір аптаға жетпейтін уақыт ішінде елдің оңтүстігінде 474 жер сілкінісі тіркелген. Олардың бірі 5,1 магнитудаға жеткен.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады