20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖапонияның Фукусима қаласында дөңгелек шатырлы ағаш футбол стадионы бой көтермек. Бұл елдегі алғашқы осындай арена болмақ. Мұнда «Фукусима Юнайтед» клубы өз ойындарын өткізеді. Бұл туралы Designboom-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Стадионның сыйымдылығы 5 мың адамға есептелген. Арена қаңқасы желімделген ағаш бөренеден тұрғызылып, кейбір бөліктерін қайта құрастыруға әрі қайта пайдалануға мүмкіндік беретіндей етіп жобаланбақ. Негізгі идея – жергілікті ормандардан алынған ағашты қолдану.
Шатырдың формасы өңірдің климаттық ерекшеліктерін ескеріп жасалған: ол жаздағы ыстық күннен және қыстағы суық желден қорғайды. Жаңбыр сулары жиналып, сүзгіден өткізіліп, нысан ішінде қайта қолданылады.
Шатырдың сәулеттік пішіні тарихи Оути-дзюку қалашығындағы сабан төбелі дөңгелек үйлерді еске салады. Бұл аймақтың сәулет мұрасымен визуалды байланыс орнату үшін жасалған.
Айта кетейік, 2024 жылы америкалық Populous сәулет студиясы Сауд Арабиясында 2034 жылғы футболдан әлем чемпионаты өтетін ханзада Мұхаммед бен Салман атындағы стадион жобасын таныстырған еді. Ол Эр-Риядтағы Киддия ойын-сауық ауданында салынады. Жаңа стадионда жылжымалы шатыр болады. Ал шахмат тәрізді орналасқан алып сандық экрандар ғимараттың қасбетін құрап, көру бұрышына қарай пішінін өзгертетін болады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?