Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Йамада Жун Ұлттық қорғаныс университетінде болып, тыңдаушыларға дәріс оқыды, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құрметті қонақ университеттің тарихымен, оқу-материалдық базасымен танысып, сонымен қатар Түркия, АҚШ, БАӘ, Иран, Пәкістан, ҚХР және Үндістан әскерлерінің аудиторияларында болды.
Дипломат Йамада Жун әлемдік қауымдастықтың алдында тұрған қауіптер мен климаттың өзгеруіне байланысты мәселелер туралы айтты. Тыңдаушылар әскери ғылым мен техниканы дамыту мәселелеріне және ғарыш пен кибернетика салаларындағы жаңа бағыттарға ерекше қызығушылық танытты.
Қазақстан мен Жапонияның қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастық жаңа серпінмен ілгерілеп, бірқатар қарым-қатынас аясында тәжірибе алмасу реттелгенін айта кеткен жөн.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер