12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкентте бірқатар ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды, соның салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жараланып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Полицияға алғашқы хабарлама 4 қаңтарда сағат 18:00 шамасында келді. Абай даңғылында көптеген жарақаттармен 48 жастағы ер адам табылды.
Тұран ауданы учаскелік полицейлерінің арқасында ауыр жағдайда зардап шеккен азамат дер кезінде ауруханаға жатқызылды.
1975 жылы туған науқасқа күрделі операция жасалды. Операциядан кейін ол реанимация бөліміне ауыстырылды.
Біраз уақыттан кейін (редакцияда бар ақпарат бойынша) екінші хабарлама келді. 1 мамыр көшесінде 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сұмдық жағдайлар сериясы мұнымен аяқталған жоқ.
5 қаңтар күні сағат 12:00 шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында тағы бір ер адамның мәйіті табылды.
Қорқынышты қылмысқа қатысы бар күдікті 5 қаңтарда Тәуке хан даңғылында ұсталды.
Күдікті ұсталды. Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген Шымкент ПД ресми хабарламасында.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер