20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанадағы Qazaqstan спорт кешенінде Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Спорттық додадан кейін кейін жанкүйерлер спорт кешенінде қалған қоқысты жинады, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі мұндай тазалық акциялары елорда тұрғындары үшін игі дәстүрге айналды деп отыр.
Жеңіл атлетикадан әлемдік жұлдыздарды өз көзіммен көргеніме қуанып отырмын. Шетелдік ақпарат құралдарында стадионды жанкүйерлер тазалады деген ақпаратты жиі оқып, таңғалушы едім. Бүгін мен де қаланың тазалығына үлес қосып отырмын, - деді акцияға қатысқан жанкүйердің бірі.
Айта кетейік, бүгін ел астанасы өз тарихында екінші мәрте Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирін өткізді. Байрақты бәсекеде 42 елден келген 150-ге жуық спортшы 13 дисциплина бойынша мықтыларды анықтады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?