Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөпшілікке Жәнібек деп танылған, бала күнінде бельгиялық отбасы асырап алған Мұрат Савелиев жыл аяқталар тұста жазба жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәнібек жаңа жылға ең керемет сыйлық анасының табылуы болатынын алға тартты.
Анашым, қайдасың?..
Биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болды, бірақ мені мазалайтын жалғыз сұрақ: «Анашым, қайдасың?». Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамда өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындасыммен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе?
Менің жаңа жылдық сыйлығым – өздеріңіз, бұл сөзсіз! Маған әке-шешемдей жақсылық тілеп отыратын қазақ елі бар деген ойдың өзі жүрегіме жылу сыйлайды, - деді ол.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді