7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы саналатын Жәнібек Әлімханұлының допинг-тестілеуі оң нәтиже берді. BoxingScene таратқан деректерге сай, VADA ұйымы боксшының сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратының іздерін анықтаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Айта кетсек, мельдоний кейбір Шығыс Еуропа мемлекеттерінде дәрігердің рецептімен берілетін емдік құрал ретінде қолданылады. Сол себепті бұл жағдай даулы сипат алуы мүмкін, себебі Әлімханұлы аталмыш препаратты пайдаланбағанын алға тартып отыр.
2016 жылдан бастап Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) мельдонийді жарыс кезінде де, одан тыс уақытта да қолдануға болмайтын заттар қатарына енгізген. Мұндай шешім оның ағзадағы метаболизмге әсер етіп, спортшының төзімділігін күшейтуі және қалпына келу процесін жылдамдатуы мүмкін деген тұжырымға байланысты қабылданған.
Басылым мәліметінше, кез келген басқа допинг дауы секілді, спортшы өзіне тиесілі «B» сынаманы қайта тексеруді талап ете алады. Екі тесттің нәтижесі бір-біріне қайшы шығуы өте сирек кездеседі, бірақ бұрын мұндай жағдай орын алған мысалдар бар.
Еске салайық, бұған дейін «The Ring» журналы Жәнібек Әлімханұлының VADA сынамасы оң нәтиже бергенін хабарлаған болатын.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?