20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
The Ring журналының мәліметінше, чемпиондар арасындағы келісім жасалып қойған, ал жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтетін бокс кешінің басты оқиғаларының бірі болмақ.
Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара орта салмақтағы белбеулерді біріктіру жекпе-жегіне келісім берді. Кездесу 6 желтоқсанда Сан-Антониода өтеді. Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық атағын қорғайды, ал Лара WBA белбеуін сарапқа салады. 75 келіге дейінгі салмақта өтетін бұл айқас PBC шоуының андеркартында ұйымдастырылады. Кештің басты жекпе-жегі Айзек Круз бен Ламонт Роуч арасында өтеді, - деп жазады The Ring.
Жәнібек соңғы жылдары орта салмақта абсолютті чемпион болуды, яғни төрт негізгі тұжырым (IBF, WBO, WBA және WBC) бойынша белбеулерді біріктіруді мақсат етіп келеді.
Кубалық Эрисланди Лара – қазіргі таңда әлемдегі ең жасы үлкен (42 жаста) чемпион. Ол соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізіп, америкалық Дэнни Гарсияны нокаутқа жіберген болатын.
Өз кезегінде Әлімханұлы да соңғы айқасында қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген еді – ол Анануэль Нгамиссенгені нокаутпен ұтқан.
Кубалық қарсыласқа қарсы жекпе-жек Әлімханұлының кәсіби мансабындағы ең ауыр сынақтардың бірі болуы мүмкін. Себебі Лара 2018 жылдан бері жеңіліп көрмеген және қатарынан алты жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр.
Ал Жәнібек болса өз мансабында өткізген 17 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен, әзірге жеңіліс дәмін татпаған чемпион саналады.
Айта кетейік, Әлімханұлы мен Лара арасындағы жекпе-жек әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен қазақстандық боксшының менеджері келісімшартқа қол қойылғанын растады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?