20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 60 жылдық мерейтойы аясында Түлектер мен қамқоршылар форумы өтті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түлектер мен қамқоршылар қауымдастығының кеңейтілген отырысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов және білім ордасының әр жылдардағы түлектері мен шақырулы қонақтар қатысты.
Форум барысында келген қонақтарға Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жоғары білім мен ғылым саласындағы жетістіктері көрсетілді. Бүгінгі таңда өз кәсіптерінің білгірі атанған түлектер жастармен кездесіп, мансап және бизнестегі табысты жолдарының тәжірибесімен бөлісті. Ал Түлектер мен қамқоршылар қауымдастығының кеңейтілген отырысында университеттің түлектермен және жұмыс берушілермен бірлескен жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар форумға қатысушылар университеттің маңызды нысандарын аралап, білім ордасының бүгінгі тынысынан хабардар болды. Бұл іс-шара тараптардың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға септігін тигізгені сөзсіз, - делінген мәліметте.
Атап өтсек, Жәңгір хан университеті 17 жоғары және 19 жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары, оның ішінде 14 магистратура және 5 докторантура бағдарламалары бойынша кәсіби мамандар даярлайды.
Бүгінгі таңда Жәңгір хан университетінің Қытай, Өзбекстан, Ресей, Беларусь сынды шетелдік серіктестермен бірлескен 8 білім беру бағдарламасы бар. Жалпы 4000-нан астам студент жаңа оқу жылын бастады. БҚАТУ қазіргі таңда Қазақстандағы ЖОО арасында 8-орында болса, Орталық Азия жоғары оқу орындарының арасында – 17-орында.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?