Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБолжам бойынша, алдағы үш күнде еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-
шашынды болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің солтүстік-батыс қиырында түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады. Бұршақ жаууы да ғажап емес. Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғып, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.
Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады. Онда ауа температурасы түнде 0-12, күндіз 10-20 градусқа дейін
төмендейді. Солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде сынап бағанасы түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін түсуі мүмкін. Кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарлайды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар