28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бой көрсетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жұлдыздың ұлы Әділет пен келіні Әдияның тойына сегіз жүзге тарта қонақ шақырылып, жиынды жеті мыңға жуық қазақстандық тікелей эфирден тамашалады.
Әнші ұлының тойына туысқандары мен өнер адамдарынан бөлек мемлекеттік қызметкерлер, бизнесмендер және т.б. танымал тұлғалар шақырылған. Олардың ішінде бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы да бар. Әлеуметтік желіде дін қызметкерінің тойда бой көрсетуіне қатысты екіұшты пікірлер жазылып жатыр. Осыған байланысты ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді. Ол мұны "орынды іс" деп атады.
Имамдар онсыз да қайғының бел ортасында жүреді. Міндеті. Бірақ оны ешкімге міндетсімейді. Бес бүлдіршіннің қазасына бәріміздің ет жүрегіміз езілді… Қос аяғынан айырылған қыздың да тағдырына қатты алаңдадық. Діни басқарма бұл оқиғалардан тағы да тыс қалған жоқ. Имамдар қоғам алдындағы міндетін ешкімге жарияламай-ақ атқарып жатыр..." Өмір тек қайғыдан тұрмайды. Бас мүфтидің қаралы жиында ғана емес, қуанышты басқосуларда да төбе көрсетіп, бата беруі орынды іс!, – деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.
Айта кетейік, 11 шілде күні Сәкен Майғазиевтің тұңғыш әрі жалғыз ұлы Әділет пен келіні Әдияның тойы өтті. Тойға 800-дей қонақ шақырылып, 7 мыңға жуық адам оны тікелей эфирден тамашалады. Тікелей эфирді журналист Анна Данченко мен асаба Әзімбек Байлин жүргізді. Тікелей эфирге тіркелу құны 1380 теңге болды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?