28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОрта өлшемді седан Kia K5 моделінің қазіргі, үшінші буыны 2019 жылдың қарашасында таныстырылған болатын. Ал алғашқы рестайлинг нұсқасы 2023 жылдың қарашасында жарық көрді. Енді компания тағы бір жаңғырту арқылы бұл модельдің өмірлік циклін ұзартуды жоспарлап отыр.
Әлемдік автонарық электрлендіру бағытына бет бұрған тұста, Kia өздерінің маңызды төрт есікті седандарының бірін сақтап қалу туралы шешім қабылдаған. Яғни K5 моделі жақын жылдары толықтай жаңа буынға ауыспай, кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.
Жуырда Оңтүстік Корея жолдарында жаңартылған K5-тің алғашқы үлгілері байқалды. Көліктің суреттерін «Healer TV» арнасының фотошпиондары түсіріп алған.
Екінші рестайлинг жобасы DL3 PE2 атауымен белгілі. Бұл нұсқаны жаппай өндіріске шығару 2027 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жаңартылған седанның сыртқы келбеті айтарлықтай өзгермейді, тек алдыңғы және артқы бөліктері жеңіл модернизациядан өтеді.
Салондағы басты жаңалық – Pleos Connect операциялық жүйесі негізінде жұмыс істейтін жаңа мультимедиялық жүйе болуы мүмкін. Бұл технологияны Hyundai Motor Group әзірлеген.
Қозғалтқыштар желісінде де өзгеріс бар: жаңартылған K5-те жанармайды іштен жану қозғалтқыштарымен қатар гибридті және қосылатын гибридті (PHEV) нұсқалары болуы мүмкін.
Ал Kia K5 моделінің толықтай жаңа буынының қашан шығатыны әзірге белгісіз.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?