Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕуропалық одақ 2030 жылдан бастап жалға берілетін көліктерге іштен жанатын қозғалтқышы бар жаңа автокөліктерді сатып алуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bild басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Еурокомиссия әзірлеген заң жобасына сәйкес, автопарктер тек электр көліктерімен толықтырылуы тиіс.
Егер бұл ұсыныс мақұлданса, ол жаңа көлік нарығының шамамен 60 пайызына әсер етеді. ЕО 2035 жылға қарай іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді сатуға толық тыйым салу жоспарына адал болып қала бермек. Алайда электромобильдердің сатылымы бастапқыда жоспарланғандай деңгейге жетпей отыр. Сондықтан билік өкілдері мұндай шектеулер нарықты жандандыруға сеп болады деп есептейді.
Еурокомиссия заң жобасының әзірленіп жатқанын растады, бірақ нақты мәліметтерді әзірге жариялаған жоқ. Бұл ұсыныс жаздың соңына дейін дайын болып, Еуропарламенттің қарауына жіберілуі тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін Италия билігі ЕО жоспарын абсурд деп атаған болатын. Итальян шенеуніктері қазіргі автокөлік нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, стратегияны қайта қарауды талап етуде. Олардың айтуынша, ЕО-дағы көлік өндірісі құлдырап жатыр, ал мемлекеттік қолдаусыз электромобильдерге сұраныс төмен. Италияның өнеркәсіп министрі Адольфо Урсо даулы ережені 2025 жылы қайта қарауды ұсынды, әйтпесе еуропалық автопром құлдырауы мүмкін.
Бұл жоспарға BMW компаниясының басшысы да қарсы пікір білдірді. Париж автосалонында сөйлеген Оливер Ципсе бұл бастама қытайлық аккумулятор жеткізушілеріне тәуелділік жағдайында Еуропадағы автоөндірушілерге кері әсер ететінін айтты.
Бұған дейін алыс сапарға шығар алдында көлікті дайындауға қатысты кеңестер ұсынғанбыз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?