Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖаңаөзенде жарылыстан зардап шеккен жүкті әйел түсік тастады. Ал өзіне ота жасалып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Иә, плацента жатырдан бөлініп, ота жасалды. Ол жүктіліктің 17-18-ші аптасында екен. Қазір кеуде омыртқасына ота жасалып жатыр», - деді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының директоры Серік Асқаров.
Оқиға салдарынан 13 адам орталық ауруханаға жеткізілген. Оның жетеуі - балалар, олар жарақатының жеңілдігіне байланысты үйлеріне қайтарылған. Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар травматологиялық бөлімге түскен орташа жағдайда күйік алған 2 кішкентай қыз ем алып жатыр.
Айта кетейік, Жаңаөзендегі екінші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан 4 адам көз жұмды. «ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды