12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖаңаөзендегі тұрғын үйде болған жарылыстан тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
46 және 51 жастағы екі ер адам жарылыс кезінде ауыр жарақат алып, Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Дегенмен дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмаған.
Өкінішке қарай, оларды құтқарып қала алмадық. Жағдайы өте ауыр болды. Туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, - делінген облыстық аурухананың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Бұған дейін 4 адам көз жұмғаны хабарланған.
Айта кетейік, Жаңаөзендегі екінші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. «ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер