Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖаңаөзендегі жарылыс орнында ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр, жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда үйінді астынан барлық адамдар шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық прокуратураның мәліметінше, жарылыс Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан 2-қабатты үйде газдың тарауы салдарынан болды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Облыс прокуратурасы тұрғын үйдегі жарылыс туралы іс жүргізетін прокурорлар тобын анықтады және ТЖ департаменті мен өңірдің полиция департаментінің бірлескен бұйрығымен тәжірибелі қызметкерлер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу облыс прокуратурасының бақылауында. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, – деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Жазира Қуанова.
Айта кетейік, Жаңаөзендегі екінші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан 4 адам көз жұмды. «ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды