Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖаңа Зеландия мундиальға соңғы рет 2010 жылы қатысып, сол жылғы чемпион Италиямен тең ойнаған (1:1). Бұл жолы құрама Мұхит маңы елдерінің арасында жолдамаға иелік етіп, Солтүстік Америкада өтетін әлем біріншілігінде бақ сынамақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іріктеу турнирінің шешуші финалында Жаңа Зеландия Жаңа Каледонияны сенімді түрде жеңді - 3:0. Осылайша, Жаңа Каледония біріншілік жолдамасына таласты жалғастырады.
Жаңа Зеландия 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу арқылы қатысуға мүмкіндік алған екінші құрама атанды. Естеріңізде болса, бірінші болып Азияда үздік шыққан Жапония жолдама алған.
Әзірге Жапония мен Жаңа Зеландиядан бөлек аламанға жарыс иелері АҚШ, Канада және Мексика қатысатыны белгілі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді