Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚырғызстан Парламенті отырысында депутаттар «Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік тіл туралы заң жобасына сәйкес, шенеуніктердің қырғыз тілін білуі орта деңгейден кем болмауы қажет.
Депутат Дастан Бекешев «Заң күшіне енген соң мемлекеттік тілді меңгермеген шенеуніктерді қандай жазады күтеді? Олар жұмыстан қуыла ма?» деген сауал қойды.
Бұған Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Каныбек Осмоналиев былай деп жауап қатты:
Заң жобасының 5-бабына сәйкес, мемлекеттік және муниципальді қызметкерлер қырғыз тілін білуі керек. Бұл жерде орыстілділердің құқығын бұзатын норма жоқ. 10-бап бойынша құжаттар мемлекеттік тілде жүргізілуі қажет, дегенмен қажет кезде өзге тілдерді де қолдану қарастырылған, – деді Каныбек Осмоналиев.
Мемлекеттік тілді білуі тиіс тұлғалар анықталған. Олар: мемлекеттік және муниципальді қызметкерлер, депутаттар, әскери қызметшілер, судьялар, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, педагогтер мен ғылыми қызметкерлер және т.б.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес