Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған тұжырымдама жастар саясаты туралы заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты әзірленді. Тұжырымдама 7 бағыт, 12 индикатор мен 80 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттарының бірі – ауыл жастарын кәсіби тұрғыда дамыту, кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыру, оқусыз, жұмыссыз жастарды қолдау. Сондай-ақ «Заманауи құндылықтар және патриоттық тәрбие», «Салауатты өмір салты» бағыттары бойынша да бірқатар жұмыстар жүзеге асады деп жоспарлап отырмыз. Жалпы жаңа тұжырымдаманың бекітілуі жастар саясатын одан әрі дамытуға оң серпін береді деген сенімдеміз, - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға мемлекеттің бөліп отырған ресурстары қомақты, сол себепті жастардың мұндай бағдарламаларға қатысуын кеңейту NEET санатындағы жұмыс істемейтіндер мен оқымайтындар санын азайтуға ықпал етеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?