Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыКолумбияда ата-ана жаңа туған қызына ChatGPT чат-ботының құрметіне есім берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
UPI агенттігінің дерегінше, Кордова департаментіндегі Серете қалашығында тұратын отбасы сәбиіне Чат Йипити Бастидас Герра деген атты таңдаған. Бұл шешім қоғамда қызу талқылауға себеп болды.
Ата-ананың айтуынша, есім таңдау – «жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріне құрмет» ретінде жасалған. Елдің Азаматтық хал актілерін тіркеу ұлттық бөлімі бұл ерекше есімді еш қарсылықсыз тіркеп берді.
Алайда көпшілік мұндай шешімге күмәнмен қарап, балаға болашақта бұл есіммен өмір сүру қиынға соғатынын айтты. Дегенмен кейбіреулер ата-ананың қадамын ерекше, тіпті прогрессивті деп бағалады.
Колумбия заңында нақты есімдерге тыйым жоқ. Бірақ Ұлттық тіркеу органдары, егер таңдалған есім баланың намысына тиіп, беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деп тапса, тіркеуден бас тартуға құқылы.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар