28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПремьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында заң жобасында салықтық әкімшілендіруге баса назар аудару жоспарланып отыр. Қазыналық органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа сервистік моделін енгізу қарастырылып отыр. Есептілік қысқартылып, салықтық бақылау жеңілдетіліп, барлық процесс цифрландырылады.
Елде түсінікті және болжауға болатын қазыналық саясатты қалыптастыру үшін барлық жаңа тәсіл мен жоспарланған өзгеріс салық саясатының тиісті тұжырымдамасында көрініс табатын болады. Кодекстің өзін Қолданысқа енгізу туралы жеке заңсыз қабылдау ұсынылады.
Экономика секторларына байланысты сараланған салық мөлшерлемелерін енгізу бойынша заң жобасының тұжырымдамалық мәселелерін пысықтау жалғасуда. Мұндай өзгерістердің қажеттілігін ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ басқа да баяндамаларында бірнеше рет атап өткен болатын.
Сөз соңында ведомство басшысы Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Салық кодексі жобасының мәселелерін одан әрі зерделеуді тапсырды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?