13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматыда «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында жарық көрген 14 кітаптың тұсаукесері рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР мемлекеттік Кітап палатасы ұйымдастырды.
Айтулы жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қуантай және қоғам қайраткерлері, белгілі қаламгерлер, мемлекеттік бағдарламамен жарыққа шыққан кітап авторлары мен кітапты шығарушы баспагерлер, кітапхана қызметкер қатысты.
Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда кітап индустриясын дамытуға баса назар аударғаны белгілі. «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукесері Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырудағы үлкен қадамдардың бірі. Бұл сериямен бұрын жарық көрмеген, әдебиетке тың серпін берген және қазақ әдебиетінің жаңа келбетін қалыптастыруда айрықша орын алатын әдебиеттер басылып шығатыны баршаңызға мәлім. Жаңа қазақ әдебиеті өкілдерін қолдау министрліктің әрдайым назарында- деді Арман Жүдебаев.
«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында өткен жылдан бері қолға алынған бірегей бастама. 2022 жылы осы бағдарламамен 10 автордың кітабы жарық көріп, әрқайсы 3 мың данамен еліміздің түпкір-түпкіріне жеткізілді. Биыл жарыққа шыққан 14 кітаптың барлығы да еліміздегі кітапханалардың қорын толықтырады.
Жиын барысында іс-шараға қатысушылар қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін талқылады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды