Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы1 қыркүйекте 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіш Шымкент қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында байқалып отыр.
Жаңа оқу жылында 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті - 188 900 оқушы. Жалпы, 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық қазақстандық білім алады.
55 мың бала оқу жылын жаңа мектептерде бастайды. 2023 жылдың соңына дейін жаңа 132 мың орындық білім беру ұйымдары пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Елімізде барлығы 7,7 мың орта білім беру ұйымы бар.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді