Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Hyundai компаниясы жаңа буындағы Elantra седанының жаһандық нұсқасын таныстырды. Сегізінші буынға жататын модель бензин қозғалтқышымен және гибридті күштік қондырғымен ұсынылады. Оңтүстік Кореядағы бастапқы бағасы қазіргі бағаммен есептегенде шамамен 8,1 млн теңгеден басталады.
Жаңа Hyundai Elantra-ның таныстырылымы АҚШ-тағы Лос-Анджелес автосалонында өтті. Сыртқы дизайны 2026 жылдың маусымында Оңтүстік Кореяда таныстырылған Avante нұсқасымен бірдей. Модель тамыз айында ішкі нарықта сатылымға шыққан.
Жаңа седанның сыртқы келбеті алдыңғы буынмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген. Көлік бұрышты пішінге ие болып, алдыңғы бөлігіне екі деңгейлі жарық шамдары мен жіңішке радиатор торы орнатылған. Алдыңғы бампердің төменгі жағында үлкен ауа қабылдағыш бар.
Сонымен қатар модельдің доңғалақ доғалары кеңейтіліп, есік тұтқалары жартылай жасырылған. Жиектерінің өлшемі жинақталымына қарай 16-дан 18 дюймге дейін жетеді. Артқы жағында Т-тәрізді шамдар мен диффузор орналасқан.
Салоны мен техникалық сипаттамалары
Жаңа Elantra салонында үш шабақты рөл, физикалық батырмалар және екі дисплей бар. Жүргізуші алдындағы 9,9 дюймдік экран цифрлық аспаптар панелінің қызметін атқарады. Орталықтағы мультимедиа жүйесінің сенсорлық дисплейі 12,9 дюймді құрайды.
Сондай-ақ көлікке 12 динамигі бар Bang & Olufsen аудиожүйесі орнатылған.
Жаңа модельдің ұзындығы – 4 795 мм, ені – 1 855 мм, биіктігі – 1 425 мм. Гибрид нұсқасының биіктігі 1 430 мм. Доңғалақ базасы 2 750 мм-ге дейін ұлғайған. Алдыңғы буынмен салыстырғанда көлік ұзындығы 85 мм, ені 30 мм, ал осьтер арасындағы қашықтығы 30 мм артқан.
Багаж бөлігінің көлемі бензинді нұсқада 479 литр, гибридте 467 литр болады.
Екі түрлі қозғалтқыш ұсынылады
Жаңа Hyundai Elantra екі күштік қондырғымен шығарылады. Базалық нұсқасына 2,0 литрлік атмосфералық бензин қозғалтқышы орнатылған. Оның қуаты – 149 ат күші, айналу моменті – 179 Нм. Қозғалтқыш COGF1 IVT вариаторымен жұптастырылған.
Екінші нұсқа – сырттан қуаттау мүмкіндігі жоқ гибрид. Оның құрамына 1,6 литрлік төрт цилиндрлі бензин қозғалтқышы, 60 ат күші бар электр моторы және сыйымдылығы 1,49 кВт/сағ аккумулятор кіреді. Жүйенің жиынтық қуаты – 157 ат күші.
Жаңа Elantra қанша тұрады?
Компания әзірге жаңа седанның жаһандық нарықтардағы бағасын жариялаған жоқ. Ал Оңтүстік Кореяда бензин қозғалтқышы бар нұсқаның бастапқы бағасы – 23 980 000 вон. Бұл 2026 жылғы 20 қарашадағы бағаммен шамамен 8,1 млн теңге.
Гибрид нұсқасының бағасы 29 420 000 воннан басталады. Теңгеге шаққанда бұл шамамен 9,9 млн теңге.
Айта кетейік, бұл – Оңтүстік Корея нарығындағы бастапқы бағалардың валюта бағамы бойынша есептелген баламасы. Қазақстандағы ресми бағасы әзірге белгісіз. Елге жеткізу, кедендік төлемдер мен салықтар қосылған жағдайда түпкілікті құны өзгеше болуы мүмкін.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары