Жаңа BMW X5: жүргізуші мен жолаушыға есік өзі ашылады

Жаңа BMW X5: жүргізуші мен жолаушыға есік өзі ашылады

01.07.2026 09:51
Аян Қайырбаев
Фото: BMW

BMW компаниясы X5 кроссоверінің бесінші буынын ресми түрде таныстырды. Жаңартылған модель мүлде жаңа дизайнға, заманауи интерьерге және бірқатар инновациялық технологияларға ие болды.

Есікті өзі ашады

Жаңа BMW X5 экстерьері Neue Klasse дизайн тұжырымдамасы негізінде жасалған. Көліктің алдыңғы бөлігі тік пішінде орындалып, жарықтандырылатын Iconic Glow радиатор торымен және Х-тәрізді жарық элементтері бар жаңа жарықдиодты фаралармен жабдықталған.

Модельдің басты ерекшеліктерінің бірі – BMW Winglets есік тұтқалары. Есікті ашу үшін арнайы ойыққа қол тигізу жеткілікті. Осыдан кейін электр жетегі есікті автоматты түрде ашып береді.

23 дюймдік дөңгелектер мен M Sport пакеті

Жаңа X5 үшін шанақтың 11 түрлі түсі ұсынылады. Сонымен қатар, модель тарихында алғаш рет диаметрі 23 дюймге дейінгі дөңгелек дискілер қолжетімді болады.

Ең спорттық нұсқа BMW X5 M60e xDrive аталады. Ал M Sport және M Sport Pro пакеттері арқылы көліктің сыртқы келбетін одан әрі агрессивті етіп өзгертуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ сатып алушыларға M Performance фирмалық аксессуарлары ұсынылады. Олардың қатарында көміртекті алдыңғы сплиттер, қара түсті шатыр спойлері, арамидті артқы диффузор, арамид композитінен жасалған айна қаптамалары, эксклюзивті дискілер және салонға арналған сәндік әрлеу элементтері бар.

Панорамалық дисплейі бар жаңа интерьер

Көліктің салоны толықтай жаңартылған. Интерьер жүргізушіге бағытталған минималистік стильде орындалған. BMW алғаш рет табиғи тақтатастан (сланец) жасалған сәндік панельдерді шыны элементтермен бірге ұсынады.

Негізгі жаңалық – BMW Operating System X платформасына негізделген BMW Panoramic iDrive мультимедиа жүйесі.

Жүйе құрамына:

Интерьерді панельдер мен есіктер бойымен жүргізілген жарықдиодты атмосфералық жарықтандыру толықтырады.

Жұмсақ тежеу жүйесі мен бейімделгіш аспа

Жаңа BMW X5 базалық нұсқада бейімделгіш аспамен жабдықталады. Көліктегі салмақтың алдыңғы және артқы осьтер арасында бөлінуі 50:50 қатынасында сақталған.

Қосымша ақыға бейімделгіш басқарылатын шасси және Adaptive Chassis Professional жүйесі ұсынылады. Бұл жүйе бұрылыстардағы кузовтың қисаюын азайтып, басқару тұрақтылығын арттырады. Алғашқы кезеңде ол электрлі және қосылатын гибрид нұсқаларында қолжетімді болады.

Сонымен қатар кроссовер екінші деңгейлі автопилот функцияларын және кеңейтілген қауіпсіздік жүйелерін қамтитын BMW Symbiotic Drive электрондық көмекшілер кешенімен жабдықталған.

Электрлі BMW iX5 пен сутекті BMW iX5 Hydrogen үшін жаңа BMW Soft Stop функциясы қарастырылған. Өндірушінің мәліметінше, бұл жүйе бренд тарихындағы ең жұмсақ тоқтау процесін қамтамасыз етеді.

Бес түрлі қозғалтқыш нұсқасы

Жаңа BMW X5 бірнеше күштік қондырғымен ұсынылады:

Hydrogen нұсқасы үшінші буындағы отын элементтерімен, жаңа жалпақ сутек багымен және BMW әзірлеген жоғары вольтты аккумулятормен жабдықталған. Бір рет жанармай құйғанда оның жүру қашықтығы 750 шақырымға дейін жетеді.

Ал толық электрлі BMW iX5 компанияның алтыншы буындағы BMW eDrive жүйесін алған алғашқы X5 моделі болды. Ол 800 вольттық электр архитектурасымен, екі бағытты қуаттау мүмкіндігімен және жаңа цилиндрлі аккумулятор элементтерімен жабдықталған. iX5 60 xDrive нұсқасының жүріс қоры 845 шақырымға дейін жетеді.

Сатылымы биыл басталады

BMW X5-тің бесінші буынын сериялық өндіру 2026 жылдың тамызында АҚШ-тың Спартанберг қаласындағы BMW Group зауытында басталады. Бұл кәсіпорын X5 моделін алғашқы буыннан бері, яғни 1999 жылдан бері шығарып келеді.

Бензинді және дизельді нұсқалардың сатылымы 2026 жылдың қараша айының соңында басталады. Ал толық электрлі және қосылатын гибрид модификациялар 2027 жылдың басында нарыққа шығарылады.

Оқи отырыңыз