Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖамбыл облысы әкімдігінің қызметкері құмар ойынға ақша алу үшін туыстары мен жақындарын өтпейтін тендерлерге қатысуға үгіттеген. Оның сөзіне сенген жақындары 200 миллион теңгеден астам ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жастар саясаты бөлімінің бұрынғы қызметкеріне "Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған" деп айып тағылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы бұл дәлелдемелерді толығымен сұрап, сараптама жүргізді. Айыпталушы бәс тігуден 500 миллион теңгеге жуық шығынға батқан. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 205 миллион теңге болды,- деді прокурор Аяла Құдайберген.
Осылайша Ділмұрат Хамрақұлов 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.
Сондай-ақ 10 жылға мемлекеттік сатып алу саласында қызмет көрсетуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды, - делінген ақпаратта.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді