Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖамбыл облысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапкершілікке тартылды.
Болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрегі сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан. Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсіру блогер үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды, - делінген мәліметте.
Полиция қызметкерлері азаматтарды көшеде және қоғамдық орындарда заңды бұзбай, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге, жолда тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді