20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСоңғы күндері еліміздің республикалық маңызы бар жолдарында ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, солтүстік аймақтарда қатты аязға байланысты қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Соңғы кезде температураның жылынуына байланысты солтүстік өңірлерде шектеулер азайса, оңтүстік өңірлерде температураның төмендеуіне байланысты жолдар жабылды. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде, атап айтқанда Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында бұған дейін енгізілген шектеу шаралары әлі де өз күшінде. Мысалы, Күйік пен Машат асуларында бүгінде ауа-райы тұрақсыз болып тұр. Желдің екпіні сағатына 40-42 шақырымға жетеді, жолда түк көрінбейді. Осыған байланысты көлік құралдарының кептелісін болдырмау үшін Жамбыл және Түркістан облыстары жағынан асулар жабылды. Соған байланысты Жамбыл облысында 600 көлікке дейін, Шымкент қаласы жағынан 100-ге жуық көліктер тұрып қалғаны белгілі болды. Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару жұмыстарына кірісіп кетті, - деді вице-министр.
Бүгінгі таңда елдің солтүстігінде ауа-райы тұрақтанып, шектеу шаралары ауа температурасы төмендеген кезде, яғни түн мезгілінде ғана қолданылады. Күндізгі уақытта жолдармен жүру қамтамасыз етілген.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?