Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Т.Смағұловқа, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары Б.Полатбековке және осы кәсіпорынның экологы М.Асанға үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Антикор мәліметінше, Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Смағұлов, Полатбеков және Асан жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салуға сотталды. Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады, - делінген мәліметте.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді