Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ және Жамбыл аудандарындағы су каналдарының жөндеу жұмыстарымен, вегетациялық кезеңге дайындығымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімдігінің әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақ басшысы алдымен Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округінің кіреберісіндегі Өтеміс, Сеңкібай каналдарына барды.
Облыс әкімі каналдарды реттеу, қалған бөліктерін жөндеу жұмыстарын сапалы әрі жеделдетіп аяқтауды тапсырды. Жамбыл су қоймаларының басшысы Нарбай Ергебековке 1 сәуірден бастап ауданға су беру керектігін жеткізді.
Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалы мен шаруалар арасында су жеткізу бойынша өзара келісімнің болуы маңызды екенін атап өтті. Егер де, «Қазсушар» РМК су жеткізу бойынша қиындықтарды алдын ала ескеріп, келісімге тұрмаса, онда шаруалар өз алқабына ылғалды аса қажет етпейтін дақыл түрлерін еккені жөн. Аймақ басшысы бұл келісімнің вегетациялық кезеңде екі тарап арасында түсінбеушілік туындамас үшін қажеттігін жеткізді.
Бұдан соң облыс әкімі Жамбыл ауданындағы Қуат, Қошан, Жамбыл, Мейірман, Раис каналдарының жөндеу жұмыстары мен Сұлукөл су қоймайсының жай-күйімен танысты.
Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарының сапасы мен уақытын және су қоймасының толтырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары