20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысында интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды. Жас жігіт кейбір адамдар бопсалау және қоқан-лоқы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін оның 990 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін айтты, - делінген мәліметте.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 94-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 29, 28, 24 және 19 жастағы жылы төрт азаматты ұстады, - делінген мәліметте.
Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. 24 пен 29 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Екі қатысушыға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта істің толық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?