19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Жамбыл облысында өткен жылы пайдаланусыз жатқан 201,2 мың га жер қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер мәселелері бойынша тексеру жүргізуге берген тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүзеге асып келеді.
Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, былтыр өңірімізде пайдаланылмай жатқан 201,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, тапсырма тиісті деңгейде орындалған.
Айта кетейік, бұл алқаптар бұған дейін 530 тұлғаның иелігінде болған. Мемлекет меншігіне өткен 41860,7 гектары Мойынқұм ауданынан, 31591,6 гектары Сарысу ауданынан қайтарылса, одан кейінгі жер алқаптары Байзақ, Жамбыл, Меркі, Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай, Талас және Шу аудандарына тиесілі.
Ал биыл облыста шамамен 80 мыңға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп жоспарлануда.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары