23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбылдық полицейлер Қазақстанның басқа облыстарына есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.
22 қазанда Жамбыл облысының ПД қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының аумағында 33 жастағы Байзақ ауданы тұрғынының басқаруындағы Алматыдан Ақтөбеге бағыт алып бара жатқан SCANIA R480 жүк көлігі тоқтатылды.
Тінту барысында көліктен төрт қорап табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 5 келіге жуық марихуана есірткі заты болған. Сол күні Байзақ ауданының тағы үш тұрғыны есірткімен ұсталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары кезінде марихуана мен гашиш есірткі заттары салынған 9 қап табылып, тәркіленді.
Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 140 келіден асады, бұл аса ірі көлемге жатады.
Қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған азаматтар Тараз қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады