Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЖамбыл полицейлері Алматыдан көлік ұрлаған азаматты қолға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
24 қаңтар Жамбыл облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматыдан Toyota Camry автокөлігін ұрлап, Шымкент қаласы бағытында келе жатқан күдіктіні ұстау туралы бағдар алды.
ПД патрульдік полиция батальоны взводының қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының 240-шақырымында қызмет өткеру кезінде аталған автокөлікті байқап, оны тоқтату және ұстау үшін шаралар қабылдады.
Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқаруға тиісті құжаттары жоқ екендігі және іздеудегi ұрланған автокөлік ретінде тіркелгені анықталды. Аталған көліктің салонында жүргізушіден басқа тағы 2 жолаушы болған, - делінген мәліметте.
Көлік ұрлағаннан кейін жүргізуші ақша табуға шешім қабылдап, жолда өзіне екі жолаушыны отырғызғаны белгілі болды.
Тез арада ұсталған жерге Қордай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы келді. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы Бостандық ауданының ПБ әріптестеріне одан әрі анықтау мақсатында берiлді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес