10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖамбыл облысында қаңғыған иттер талаған екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл маңынан өтіп бара жатқан жолаушылар 20 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызды иттер талап жатқан жерінен құтқарып қалды. Қала маңындағы Барысхан алқабында мектеп оқушысы иттердің жемтігіне айнала жаздады. Жеткіншекті көршілері құтқарып қалған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.
Жамбыл облыстық ветеринария басқармасы иттер шабуылдаған екі аймаққа да арнайы бригада жіберіліп, жүзге жуық иттің көзін жойдық дейді.
Жамбыл облысы ветеринария станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабит Кебеев тек қаңғыбас ит қана емес, жер үйдегілердің де иті қөбінесе байланбайды дейді.
Оның айтуынша, зардап шеккен адамдардың жартысынан көбісін иесі бар ит талаған.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді