20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа оқу жылынан бастап мектеп асханаларына қоғамдық бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұл туралы ол білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, жаңа оқу жылында 1-4 сыныптағы 71 230 бала, сондай-ақ жекелеген санаттағы 43 198 оқушы ыстық тамақпен қамтылады.
Дені сау ұрпақ – сапалы ұлттың негізі. Мектеп оқушыларының құнарлы тамақпен қамтылуына ерекше ден қою қажет, – деді облыс әкімі.
Биыл өңірде көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақ, киім-кешек, жазғы сауықтырумен қамтамасыз етуге 5,6 миллиард теңге бөлінген. Ал киім-кешекке бөлінген қаржы ата-аналардың жеке шоттарына аударылған.
Облыста «Мейірім жобасы» аясында нәтижелі жұмыстар жалғасуда. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 137 балаға 96 мекеме әлеуметтік қолдау көрсетуде. 1 256 баланың "Отбасы банктегі" шотына бекітілген мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындар 71 миллион теңге қаржы аударды. Бұдан бөлек жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтуде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?