Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Айша бибі» полигонында өткен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуына екі апталық далалық дайындықта болған Байзақ ауданының 78 тұрғыны қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери міндеттілерді практикалық оқыту нәтижелерімен танысу мақсатымен полигонға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев келді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев әкімге оқу орындарын таныстырып, қару-жарақ пен әскери техниканың қолданылуын түсіндірді.
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тікелей басшылықты жүзеге асырып, аумақтық әскерлерді күтіп-ұстауды және оларды материалдық-техникалық құралдар қорымен жарақтандыруды қамтамасыз етеді. Ал жедел-тактикалық деңгейде оңтүстік өңірдің аумақтық қорғаныс бригадаларына басшылықты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы жүзеге асырады.
Сондықтан жеке құрамды жинақтау, киім-кешек беру, тамақтандыруды ұйымдастыру мен полигонға жеткізуді облыс әкімдігінің өкілдері қамтамасыз етті. Ал жиындардың кейінгі практикалық кезеңдері Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Әлжан Хамзиннің басшылығымен өтті.
Жиынға шақырылған азаматтар далалық жағдайда жеке дайындықтан өтіп, бөлімше құрамында жауынгерлік үйлесімділік мәселелерін пысықтады.
Оқу-жаттығу барысында әскери міндеттілер басшылыққа далалық оқулар кезінде алған дағдыларын көрсетті. Жиынға шақырылған ер азаматтардың көпшілігі бұрын мерзімді әскери қызметте болған. Кейбірі әскери кафедраларда оқыған.
Ерекше кезеңде аумақтық әскерлер әскери және мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзетумен және қорғаумен айналысып, халықты қорғауды қамтамасыз етеді. Сол себепті Қарулы күштердің құрамдас бөлігі ретінде аумақтық әскерлердің жаттығулары әскери дайындалған резервтің жинақталуына, мамандардың құзыреттері мен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?