23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысында 5 тәулікте екі мыңға жуық есірткі құралдарының ампуласы мен 8 мың литр прекурсор тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысының аумағында кең ауқымды “Дәрмек” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың 34 дерегін анықтады.
Оқи отырыңыз:
Оның ішінде 13 қылмыс, яғни аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сақтаудың төрт дерегі, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаудың 5 дерегі, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің 3 фактісі, құрамында есірткі заттары бар есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзудың бір дерегі анықталды, - делінген хабарламада.
Полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабының 1, 2, 3-бөліктері бойынша екі қылмыстық теріс қылық, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылықты, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабының 1-бөлігі бойынша бұзушылықтарды анықтады. Облыс бойынша барлығы 25 дәріхана, 10 медициналық мекеме тексерілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады