Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылорда облысының полицейлері кәсіпкерге 7,5 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
14 қаңтарда Қызылорда қаласы полиция басқармасына ірі сауда үйінің иесі арызданған. Өткен жылдың 22 қарашасында белгісіз азаматша WhatsApp желісі арқылы онлайн түрде ең алғаш 514 мың теңгеге әйелдер сырт киімдеріне тапсырыс беріп, такси арқылы зат алған. Одан кейін де әккі алаяқ бұл ойын тағы да іске асыру мақсатында басқа абоненттік номер арқылы тапсырысты қабылдаушыға бірнеше жалған түбіртек жіберіп, InDrive арқылы Шымкент қаласына заттарын салдыртып отырған. Бірақ ешқандай қаражат аударылмаған.
Тапсырысты қабылдаушы сатып алушы әйелдің іс-әрекеті күдік туғызғандықтан және тексеру барысында оның “салған аударымы” есепшотына түспегендіктен дереу Қызылорда қаласы полиция басқармасына келіп, көмек сұраған.
Аталған оқиға бойынша қылмысты ашу барысында басқарманың қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін күдіктінің тапсырыс беріп, сатып алған киімдерін апарып, тексеру мақсатында Шымкент қаласына барды. Сол сәтте ұсталған күдікті 34 жастағы азаматша өз кінәсін толық мойындады. Telegram арқылы жүктеп алған “Фейковые чеки” қосымшасын қолданып, жалған түбіртек арқылы жәбірленушіге 7,5 млн теңге сомасында залал келтірген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?